Меню KDT
logo1.jpg?_=1709196170

Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 25-45-76
Есепші:
+7 (7232) 28-04-59

2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай білім беру сағаты


24 мамыр күні мектебімізде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Алдымен барлық оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мектеп оқушылары Білім министрі Ғ.Бейсембаевтың құттықтауын үлкен қызығушылықпен, ықыласпен тыңдап, тамашалады. Одан кейін сынып жетекшілері аяқталған оқу жылының қорытындысын шығарып, нәтижелі оқушыларды мақтау қағаздарымен және грамоталармен марапаттады. Жазғы каникулға шығу кезінде оқушылар қауіпсіз тәртіп бойынша білімдерін бекітіп, жазға арналған көптеген пайдалы кеңестер алды. Мектеп оқушыларының жазғы демалысына арналған маңызды және пайдалы ақпараты бар тақырыптық нұсқаулықтардың тұсаукесері қызықты  болды. Оқушылар алдағы жазғы жоспарларымен бөлісіп, эссе жазып, сурет салды. Оқу жылы аяқталды! Жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін! #біртұтас_тәрбие


Пікір жоқ
43 қаралды
Санаты: Информация
Авторы: b17auezova
Қосылды: 24.05.2024 в 19:12

Директор блогы

Іс-шаралар

ТВ-видео

Жаңалықтар жоқ