Меню KDT
logo1.jpg?_=1709196170

Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 25-45-76
Есепші:
+7 (7232) 28-04-59

Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау басталады


Құрметті ата-аналар!

2024 жылдың 12 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау басталады.

Бос орындар balabaqsha.snation.kz порталында жарияланады:

- 12.08-14.08.2024ж. аралығында – мәртебелі қолжетімділікте;

-  15.08.2024ж.-дан  – жалпы қолжетімділікте.

Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы электронды жолдаманы balabaqsha.snation.kz порталында дербес алады. Жолдама 5 жұмыс күн жарамды. Сіздің балаңыз 5 жұмыс күні ішінде медициналық тексеруден өтуі керек.

Осыдан кейін balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып «Балабақшаға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» қызметіне өтініш беру керек:

   - № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

   - № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;

   - № 027/е нысанындағы анықтама;

   - ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;

   - әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

   - ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

 


Пікір жоқ
37 қаралды
Санаты: Информация для родителей
Авторы: b17auezova
Қосылды: 07.08.2024 в 19:37

Директор блогы

Іс-шаралар

ТВ-видео

Жаңалықтар жоқ