Меню KDT
logo1.jpg?_=1709196171

Приемное отделение:
+7 (7232) 25-45-76
Бухгалтер:
+7 (7232) 28-04-59

Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша нұсқаулар \ Памятка по профилактике выпадения детей из окон

Памятка по профилактике выпадения детей из окон




Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша жадынама
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Жаратылысынан бәрін білуге құштарлығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алу үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
Пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде, баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз.
Баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз.
Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезенің тақтайшасына шығып кетуі мүмкін. 
Төсекті қоса алғанда, барлық жиһаздарды терезе алдынан жылжытыңыз. Бұл баланың терезе алды тақтайшасына  кездейсоқ шығуына жол бермейді.
Балаға терезе қалай  ашылатынын көрсетпеңіз. Терезені өз бетінше ашуды қаншалықты кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады.
Балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, сыртқа ұмсына қарау  нәтижесінде терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Москит торлары көп қауіп төндіреді:
- Бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде ең кішкентай бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
- Егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны тіпті аз мерзімге де жалғыз қалдырмаңыз. Көбінесе балалар қорқыныш сезініп, ата-аналарын көру үшін терезеден немесе балконнан қарайды, нәтижесінде бала құлап кетуі мүмкін. 
Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!
ШҚО ТЖД 

Памятка по профилактике выпадения детей из окон
Падение из окна является одной из основных причин детского травматизма и смертности, особенно в городах. Дети очень уязвимы перед раскрытым окном из-за естественной любознательности. Чтобы избежать несчастного случая, связанного с падением ребенка из окна, необходимо придерживаться следующих правил:
-    Открывая окна в квартире и проветривая помещение, убедитесь, что ребенок при этом находится под присмотром.-    . По возможности, открывайте окна (форточки) сверху, а не снизу.-    Установите на окна блокираторы (специальные фиксаторы), чтобы ребенок не мог самостоятельно открыть окно.-    Не разрешайте ребенку выходить на балкон без сопровождения взрослых.-    Никогда не оставляйте спящего ребенка одного в квартире. Малыш может проснуться и залезть на подоконник открытого окна.-    Отодвиньте всю мебель, включая кровати, от окон. Это поможет предотвратить случайное попадание малыша на подоконник.-    Не показывайте ребенку, как открывается окно. Чем позднее он научится открывать окно самостоятельно, тем более безопасным будет его пребывание в квартире.-    Не учите ребенка подставлять под ноги стул или иное приспособление, чтобы выглянуть в окно или заглянуть на улицу с балкона. Впоследствии, действуя подобным образом, он может слишком сильно высунуться наружу и выпасть из окна (с балкона).    Большую опасность представляют москитные сетки:- Ребенок видит некое препятствие впереди, уверенно опирается на него, и в результате может выпасть вместе с сеткой, которая не рассчитана на вес даже самого крохотного годовалого малыша.
-    Если ребенок 5-7 лет боится оставаться в квартире один, не оставляйте его даже на короткое время. Зачастую, чувствуя страх, дети выглядывают в окно или с балкона, надеясь увидеть родителей, что может повлечь их падение с балкона.Вместе сохраним здоровье детей!
ДЧС ВКО


Комментариев нет
51 просмотров
Категория: Безопасность
Автор: danial.tyulendin
Добавлено: 05.03.2024 в 12:20

Блог директора

Мероприятия

ТВ-видео